03 Нау 2021
Тәрбие есебі

2020-2021 оқу жылының ІІ тоқсан бойынша тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстың ақпараты

Родниковка ЖОББМ

2020-2021 оқу жылының ІІ тоқсан бойынша тәрбие жұмысы бойынша атқарылған жұмыстың

ақпараты

Жалпы оқушы саны – 216

1-4 сынып оқушылар саны – 94

5-9 сынып оқушылар саны – 102

10-11 сынып оқушылар саны –  20

Көпбалалы отбасылар саны –

/оның ішіндегі бала саны/ -

Азқамтылған отбасы саны –

/оның ішіндегі бала саны/ -

Толық емес отбасы саны –

/оның ішіндегі бала саны/ -

Үйден оқытылатын оқушы – 1

Барлық класс жетекшілер саны-22/ 2 мектеп алды даярлық/

Балалардың күзгі демалысын ұйымдастыру барысында қашықтықтан «Асар челленджі» ұйымдастырылды.

13 қараша күні «Қазақстан балалары-күзгі интерактив» шығармашылық байқауы негізінде «Отбасылық шеберхана» қашықтықтан көрмелері ұйымдастырылды.

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай 1-11 класс оқушылары арасында тәрбие сағаттары өткізілді, сонымен қатар мектеп алды даярлық тобыда ат салысты. Кітап көрмесі ұйымдастырылды.

7 желтоқсан «Мен өрт сөндірушімін» сурет байқауы ұйымдастырылды. 1-11 класс оқушылары арасында класс сағаттары өткізілді.

13 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай мектебіміздің тарих пәні мұғалімі Ерматов Аманжол 9-11 класс оқушыларымен «Тәуелсіздік тарихы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

14 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған «Ар-намысым, мақтанышым, қасіретім – Желтоқсан» т.б. тақырыптарында 1-11 класс оқушылары арасында тәрбие сағаттары өткізілді.

 

15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жас Ұлан-жарқын болашақ» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің қатарына салтанатты қабылдау жиыны өткізілді.

 

29 желтоқсан күні «Қауіпсіздік негіздері» пиротехникалық құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша 7-11 класс оқушылары арасында  түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, ZOOM платформасы арқылы ата-аналар жиналысы өткізіліп, Мәртөк аудандық ІІБ кәмелетке толмаған жасөспірімдер жөніндегі инспекторы Айнур Эринбетова ата-аналарға қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп өтті.

Ақтөбе облысында COVID-19ға қатысты шектеу шараларына байланысты балаларға

Қазақстан Республикасының  Президенті атынан 100 мың теңге көлеміндегі қаржыға сыйлық дайындалды. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектеп директорының м.а Кургамбекова Д.У. және Аяз атамызбен ақшақар сылықтарды табыстады.

 

ДТІЖ орынбасарлары:                                 Лукьяненко Н.И.

                                                                     Тукибаева Д.К.

                                                                     Тажибаева Б.З.

 

 

Жаңалыктар